Меню KDT

Жаңалықтар

Главная Жаңалықтар

11.06.2025

Баяндама

Мектеп өмірі: білім,тәрбие,табыс тақырыбында мектептің тыныс тіршілігіне баяндама

10.06.2025

Қамқоршылық кеңесіне 2024-2025 оқу жылында жасалған жұмыстар туралы

Ағымдағы жылдың 10 маусымында, мектеп директоры Е. Ахметов мектептің Қамқоршылық кеңесіне 2024-2025 оқу жылында жасалған жұмыстар туралы жылдық есебін берді.

10.06.2025

«Домбырам-асыл қазынам!»

Шу ауданы, Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) бойынша 2025 жылдың 9 маусым күні мектеп жанындағы «Айгөлек» лагерінің оқушылары, Шу ауданы «Оқушылар» сарайында өткен Ә Еспаев атындағы балалар саз мектебінің мұғалімі- Қосмайлова Ләйлә Әбекенқызының жетекшілігімен домбыра сыныбы оқушыларының «Домбырам-асыл қазынам!» атты шығармашылық кештің көрермендері болып қайтты.

Бұл іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, күй өнері мен домбыраның маңызын оқушыларға терең таныту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылды.

Кеш барысында оқушылар халық күйлерін тыңдап, күй тарихынан сыр шертіп, домбыраның шығу тарихы мен қазақ мәдениетіндегі орны туралы ойлары қалыптасты. Сонымен қатар өнерлі оқушылардың ән тыңдап, жырларын тыңдап қайтты.

Қосмайлова Ләйлә Әбекенқызының ұйымдастырған шығармашылық кеші оқушылар мен көрермендерге рухани әсер сыйлап, ұлттық өнердің қадір-қасиетін ұғындыруда үлкен маңызға ие болды. Домбыра – қазақ рухының үні екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл кеш өнерге құштар жас буын үшін жарқын үлгі болды.

05.06.2025

5 маусым күні мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын белсенді әрі мазмұнды күнмен жалғастырды.

Шу ауданы, Төле би ауылы

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)

2025 жылдың 5 маусым күні мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын белсенді әрі мазмұнды күнмен жалғастырды.

Күннің алғашқы сәті оқушылардың сергектігін арттыратын таңғы жаттығумен басталды. Одан кейін оқушылар мектебіміздің мол қазынаға толы кітапханасына барып, "Кел, балалар, оқылық!" ұранымен қызықты кітаптар әлеміне саяхат жасады.

Сонымен қатар, табиғат аясында эстафеталық спорттық ойындар ұйымдастырылып, балалар белсенділік танытты, командалық рухты дамытты.

Күннің маңызды бөлігінің бірі ретінде мектеп психологы топ оқушыларымен психологиялық тренинг жүргізіп, балалардың көңіл-күйін көтеріп, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жаттығулар өткізді.

Осылайша, лагердегі бүгінгі күн оқушылар үшін өте қызықты, пайдалы және әсерлі өтті.

05.06.2025

Педагогикалық кеңес отырысынан көрініс

Мұхаммед Хайдар Дулати орта мектебінде оқужылының аяқталуына байланысты кеңес отырысы

05.06.2025

Марапат

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Хасенова Күлімхан Боранқұлқызы
«Білім беру ұйымы басшысының үздік орынбасары»
республикалық кәсіби байқауындағы үздік нәтижесі үшін  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

04.06.2025

4 маусым күні мектеп жанындағы жазғы сауықтыру "Айгөлек" лагерінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер» күніне орай "Еліміздің Рәміздері" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды

Шу ауданы, Төле би ауылы

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)

2025 жылдың 4 маусым күні мектеп жанындағы жазғы сауықтыру "Айгөлек" лагерінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер» күніне орай "Еліміздің Рәміздері" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға лагерьдің барлық топтарынан оқушылар белсене қатысып, Ту, Елтаңба, Әнұран бейнесін шығармашылықпен қағаз бетіне түсірді. Оқушылардың бойында Мемлекеттік Рәміздерге деген терең түсінік қалыптасып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдері арта түсіп, өнер арқылы Отанға деген құрметтерін, сүйіспеншілігі мен рәміздер туралы білімін көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар шашки ойындарын ойнап, зияткерлік қабілеттерін шыңдады. Бұл ойын балалар арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, ойлау қабілетін дамытты.

04.06.2025

Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің басты белгілерінің бірі

Рәміздер күніне: Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің басты белгілерінің бірі. Олар халқымыздың бірлігін, елдігімізді, өткеніміз бен болашағымызды айшықтайды. Әр азамат үшін Ту, Елтаңба және Әнұран – ерекше қастерлі ұғымдар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай “Қыран “тобы Мемлекеттік “рәміздер тарихы”атты патриоттық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсіндіру және отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақ барысында Ту, Елтаңба және Әнұран туралы толық мәлімет берілді. Оқушылар рәміздердің шығу тарихымен танысып, олардың авторлары жайлы білді. Әнұран орындалып, балалар бірге қосылып айтты.