“Ғаламтордың пайдасы мен зияны” атты тақырыбы бойынша пікірсайыс өтті.

Амангелді атындағы орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай оқушыларға тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру мақсатында 1-11 сыныптар арасында «Теңге - мемлекет келбеті» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
#Біртұтас_тәрбие
#15_қараша_ұлттық_валюта_күні
#Шубілімбөлімі
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) күзгі сессия барысында түстен кейінгі дамыту блогында 10 «В» сынып оқушыларының арасында денешынықтыру пәні мұғалімі Молдақайым Нұрлыбектің ұйымдастыруымен Волейболдан жарыс өтті. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Командалар сапқа тұрғызылып, әр команда өзін таныстырды. Мектеп директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Жексенбаева өз сөзінде жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тіледі. Оқушылар ойында жинаған ұпайларымен жеңіске жетіп марапатталды.
2024 жылдың 11-ші қарашасында 2 ауысым 4-ші сабақта 7 «Б» сыныбына химия пәнінен «Атомның құрамы мен құрылысы» тақырыбында Жанұзақ А.О. ашық сабақ өткізді.
Ағымдағы жылдың 8қараша күні Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында “Заманауи мектепті басқару: көзделген нәтижелер мен іске асыру тетіктері” тақырыбында мектеп басшыларына арналған республикалық форумда “Қауіпсіз орта, кибербуллинг” тақырыбында Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Естаева Азиза Тоқсабайқызы баяндама оқып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Абай атындағы орта мектебінде білім алушыларға Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Мемлекеттік Гимн қастарлеп құрметтеуге халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушыларымен “Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым" тақырыбында эссе жазды

Амангелді атындағы орта мектептің 3 "ә" сыныбында "Мен елімді сүйемін" атты сынып сағаты болып өтті. Сынып сағатында балалар сурет салып, сөйлемнің жалғасын тауып Отанға деген сүйіспеншілігін көрсетті. Сабақтың мақсаты: Отанды сүю, рәміздерді құрметтеу арқылы патриоттық сезімін оятуға әр түрлі тапсырмалар арқылы ықпал ету.
07.11.2024 жылы Мұқағали Мақағали атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Әлемді билеген интернет» тақырыбындағы атқарылатын бірлескен іс-шаралардың айлық жоспары бойынша дебат клубының жетекшілері Г.Кишкашева мен Б.Кусаинова «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат өткізді. Аталған дебатқа 9-сынып оқушылары белсене қатысты. Дебаттың мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау, оқушылар өз ойларын ортаға салып,өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу еді. Екі топ өздерінің берілген тапсырмаларының екі жағын да қарастырып, ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы пікірталас жүргізді. Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат пен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады, мазалап жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Өкінішке орай, жоғарыда айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиян жақтары да көп болып шықты. Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден, жанды, табиғи қатынастан қалып барамыз.Қазақ тіліндегі сөздік қорымыздың жиі қолданылуына септігімізді тигізіп,тілдік мәденитімізді көркейтейік деген үндеу тастайық!