Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың жас кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек. Осы мақсатта М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің "Жасыл клуб" мүшелері мектепті көгалдандырып, бөлме гүлдерінің санын көбейтіп, гүлдердің құмыраларын ауыстырып, жаңадан гүлдер отырғызды. Оқушылармен бірге гүлдерге күздік тыңайтқыштар сеуіп, уақытылы су құйып отырады.#біртұтас тәрбие, #үйірмежұмыстары

05.11. 2024 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 1. «Ғаламтордағы қатердің алдын алу - ӨМІРІҢЕ ТӨНГЕН ҚАТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ" тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: білім алушыларға интернет мазмұнының әсері, проблемасын түсіндіру , интернет ресурстарын қолданудың жауапкершілігін арттыру.

Қатысқандар:

ДҚТІЖО- Мырзаханова Л.А , ДТІЖО- Ернаурызов З,

мектеп психологтары , сынып жетекшілер, 8-11 сынып оқушылары- 260.

Барысы:

Күн тәртібінің мәселесі бойынша ДҚТІЖО- Мырзаханова Л.А ашып, сөз сөйлеп, «Ғаламтордағы қатердің алдын алу - ӨМІРІҢЕ ТӨНГЕН ҚАТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Білім алушылар екі топқа бөлініп «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет», «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Балаларға балалық шақтан бастап қауіпсіз интернет қажет», «Интернет және біз» деген сұрақтар аясында өздерінің ашық ойларын ортаға салды. Сонымен қатар әлеуметтік желілер туралы әртүрлі ақпараттар, оның балаға қаншалықты зияны мен пайдасы , баланың ғаламтордағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғаламторда ұнамсыз ақпараттар кездестірген жағдайда не істеу керектігі жайында көптеген ойлар қозғалды.

Қазіргі таңда ғаламтордың көзінен әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық деп қорытынды жасалды.

Екінші мәселе бойынша мектеп психологы, «Ғаламтор қаупі» тақырыбында кеңестер берді.

Қорытынды: Оқушылар өз ойларымен бөлісіп , пікірлерін айтты.

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ресурстық орталық) 6-шы қараша күні 9,10,11 сынып оқушылары арасында

«Логикаңыз қалай?» интеллектуалды ойын өткізілді.

Ұйымдастырушы математика пәнінің мұғалімі:

Тілеуқұл Нұрай.

“Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру- бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз”-, Н.Назарбаев. Интеллектуалды ойынның мақсаты: оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. Логикалық есептерді шешуге дағдыландыру, шығармашылық ізденістерін ұштау, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Ойынға 9,10,11 сынып оқушыларынан құралған 2 топ қатысты:

1.Айдахарлар

2.Мегамозг.

Ойынның 6 кезеңі болды:

1.Топқа бөлу. Таныстыру

2.Сұрақты қағып ал!

3.Санға қатысты мақал-мәтелдер

4.Математикалық алфавит

4.Кім жылдам?

6.Блиц турнир

Шараға директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллаевна, мектептің ұстаздары,сынып жетекшілері және мектеп білім алушылары тамашалады.

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) күзгі сессия кезінде

8 - сынып оқушыларымен «Өлке өрнектері» үйірмесі өткізілді . Үйірменің мақсаты: Оқушылардың оқу процесінде алған білімін үйірмеде қолданып, сәндік-қолданбалы өнердің қыр-сырымен сусындап, халық шеберлерінің ғасырлар бойы жасап келе жатқан керемет шығармаларымен таныса отырып шеберлікке, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Үйірме барысында оқушылар«Құрғақ жүнмен жұмыс» Инемен піскілеу арқылы жұмыс жасауды үйренді. Сабақта оқушылар қауіпсіздік ережесін сақтай білді. Оқушылардың қызығушылықтары артып, берілген тапсырманы мұқият орындады.

«Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

15-16.10.2024 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде “Интернеттің сенің өміріңе беретін әсері қандай” тақырыбында оқушыларымен кездесу өткізілді.

Мақсаты: Интернетке тәуелділіктің алдын алу, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қатысқандар: ДҚТІЖО- Мырзаханова Л.А , ДТІЖО- Ернаурызов З,

мектеп психологтары , сынып жетекшілер, 5 – 11 сынып оқушылары.

Барысы:

Күн тәртібінің мәселесі бойынша ДТІЖО- Ернаурызов З, ашып сөз сөйледі.

Бірінші мәселе бойынша ДҚТІЖО- Мырзаханова Л, “Интернеттің сенің өміріңе беретін әсері қандай” тақырыпта баяндама оқыды . Ғаламторға тәуелділіктің түрлері: ойынға тәуелділік, сетеголизм, интернет-серфинг. Интернетке тәуелділіктің 9 белгісі:үнемі онлайн болуды қалау , интернетке шыға алмаған жағдайда ашушаңдыққа бой алдыру ,виртуалды кеңістіктен шығуды қаламау ,оқу үдерісіне және үлгеріміне әсерін тигізетін зейін бұзылысы , жеке бас тазалағына немқұрайды қарау , тамақтан бас тарту немесе компьютерден не телефоннан бас алмай жүйелі түрде бейберекет тамақтану , шынайы өмірде қарым-қатынастан бас тарту, айналадағы адамдармен жанжалдасу , бар бос ақшаны компьютер мен Интернетке салуға дайын тұру, бойынша түсіндірме жұмысын жұргізді.

Мектеп психологтары оқушылармен тренинг жүргізіп, кеңестер берді.

Сонымен қатар әр түрлі мәселелер қарастырылды

Қорытынды: Оқушылар өз ойларымен бөлісіп , пікірлерін айтты.