Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) күзгі сессия кезінде

8 - сынып оқушыларымен «Өлке өрнектері» үйірмесі өткізілді . Үйірменің мақсаты: Оқушылардың оқу процесінде алған білімін үйірмеде қолданып, сәндік-қолданбалы өнердің қыр-сырымен сусындап, халық шеберлерінің ғасырлар бойы жасап келе жатқан керемет шығармаларымен таныса отырып шеберлікке, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Үйірме барысында оқушылар«Құрғақ жүнмен жұмыс» Инемен піскілеу арқылы жұмыс жасауды үйренді. Сабақта оқушылар қауіпсіздік ережесін сақтай білді. Оқушылардың қызығушылықтары артып, берілген тапсырманы мұқият орындады.

«Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

15-16.10.2024 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде “Интернеттің сенің өміріңе беретін әсері қандай” тақырыбында оқушыларымен кездесу өткізілді.

Мақсаты: Интернетке тәуелділіктің алдын алу, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қатысқандар: ДҚТІЖО- Мырзаханова Л.А , ДТІЖО- Ернаурызов З,

мектеп психологтары , сынып жетекшілер, 5 – 11 сынып оқушылары.

Барысы:

Күн тәртібінің мәселесі бойынша ДТІЖО- Ернаурызов З, ашып сөз сөйледі.

Бірінші мәселе бойынша ДҚТІЖО- Мырзаханова Л, “Интернеттің сенің өміріңе беретін әсері қандай” тақырыпта баяндама оқыды . Ғаламторға тәуелділіктің түрлері: ойынға тәуелділік, сетеголизм, интернет-серфинг. Интернетке тәуелділіктің 9 белгісі:үнемі онлайн болуды қалау , интернетке шыға алмаған жағдайда ашушаңдыққа бой алдыру ,виртуалды кеңістіктен шығуды қаламау ,оқу үдерісіне және үлгеріміне әсерін тигізетін зейін бұзылысы , жеке бас тазалағына немқұрайды қарау , тамақтан бас тарту немесе компьютерден не телефоннан бас алмай жүйелі түрде бейберекет тамақтану , шынайы өмірде қарым-қатынастан бас тарту, айналадағы адамдармен жанжалдасу , бар бос ақшаны компьютер мен Интернетке салуға дайын тұру, бойынша түсіндірме жұмысын жұргізді.

Мектеп психологтары оқушылармен тренинг жүргізіп, кеңестер берді.

Сонымен қатар әр түрлі мәселелер қарастырылды

Қорытынды: Оқушылар өз ойларымен бөлісіп , пікірлерін айтты.

29.10. 2024 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Ғаламтор әлеміне қауіпсіз саяхат» тақырыбында ата - аналар жиналысы өткізілді.

Мақсаты: Ғаламтор әлемдегі бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қатысқандар:

ДҚТІЖО- Мырзаханова Л.А , ДТІЖО- Ернаурызов З, мектеп психологтары , сынып жетекшілер, ата-аналар саны- 80.

Барысы:

Жиналысты Мырзаханова Л, ашып сөз сөйледі.

Жиналыс барысында мектеп психологы

1." Вертуалды әлемде бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата -ана рөлі"

2."Вертуалды әлемде бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ұстаздың рөлі" тақырыптарында постер қорғалды.

Ата - аналармен тренинг жүргізілді.

Қорытынды: Ата - аналар өз ойларымен бөлісіп , пікірлерін айтты.

04.11. 2024 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде “Ақпараттық қауіпсіздіқ ” тақырыбында 8-10 сынып оқушыларына баяндама оқылды.

Мақсаты: : Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын айту, үйрету.

Қатысқандар:

ДҚТІЖО- Мырзаханова Л.А , ДТІЖО- Ернаурызов З, мектеп психологтары , сынып жетекшілер, 8-10 сынып оқушылары- 201

Барысы:

Жиналысты ДТІЖО- Ернаурызов З , ашып сөз сөйледі.

Информатика пән мұғалімі Балхожаева А.Б “Ақпараттық қауіпсіздіқ ” тақырыбында баяндама оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ғаламторда жасөспірімдерге қауіп төндіретін қатердің бірнеше түрлері бар екенін айтып өтті. Өзіне- өзі қол жұмсаушылардың сайттары; ұлтараздықты тудыратын, ұлттар арасындағы достыққа қарсы тұратын және нәсілдерді қабылдамайтын сайттар (экстремизм, ұлтшылдық, фашизм); танысу сайттары (виртуалды қарым-қатынас шынайы қарым-қатынасты жүргізуге кедергі болады, жасөспірімдер коммуникативтік дағдылардан айырылады); экстремизм, зорлықты және әумесерлік мінез-құлықты насихаттайтын, таныс емес адамдардың тарапынан оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, жеке кездесулерге шақырып, алаяқтықтың түрлерін насихаттайтын сайттар т.б түрлі сайттар.

Интернетпен жұмыс жасаудың бірнеше ережелері

1. Таныс емес сайттарға бас сұқпаңыз.

2. Өзіңіз туралы ақпаратты ешкімге сеніп бермеңіз

3. Интернет арқылы қарым-қатынас орнатқан кезде өзіңіздің жеке мәліметтеріңізбен қолданбаңыз, керісінше лақап атпен (никпен) қолданыңыз.

4. Үлкен адамдардың бақылауынсыз Интернетте танысқан адаммен кездесуге бармаңыз.

5. Интернетте орналасқан ақпараттың барлығына бірдей сене бермеңіз т.б

Қорытынды: Оқушылар өз ойларымен бөлісіп , пікірлерін айтты.