Амангелді орта мектебінде "Математика және информатика" айлығы жоспарына сәйкес математика пәні мұғалімі Адильбекова Дамеш Умерзаковна 8-10 сынып оқушылары арасында "Миллион кімге бұйырады?" интеллектуалды шоу өткізді. Мақсаты:оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, тез ойлауға, алғырлыққа тәрбиелеу. Бұл сабақта жасанды интеллект те назардан тыс қалмады. Оқушылар белсене қатысып, ойын әділ әрі қызықты өтті.